Ақтауда Орта Азияның дінтанушылары бас қосты

712

Ақтауда "Орталық Азиядағы мемлекет және дін қатынастары: қазіргі жай-күйі мен перспективалары" атты халықаралық форум өтті. Форумға Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түркіменстан, Әзірбайжанның халықаралық сарапшылары, дінтанушы ғалымдар қатысты.

Ақтауда Орта Азияның дінтанушылары бас қосты

Халықаралық шарада Орталық Азиядағы дін саласына қатысты мәселелер талқыланып, жастар арасында діни экстремизм мен деструктивті ағымдардың алдын алу мәселелері көтерілді.

Жиналғандар жастардың өмірі мен психикасына теріс әсер беретін діни ағымдардың қауіпіне тоқталып, оның жетегінде кетіп, жапа шегіп қалмас үшін діни сауаттылықты арттыру керек екенін атап өтті. 

– Бастапқыда жастардың дінге бет бұрғанына қуанғандар көп болды. Алайда теріс пиғылдағы діни ағымдар жастардың ниетін өз мақсаттарына пайдаланып, адастырып, өзін-өзі өлімге қиюға дейін жеткізуде. Жастар ғаламтор арқылы түрлі діни сайттарға кіріп, сол арқылы дін үйренуде. Ғаламтордағы мәліметтердің шамадан тыс көп әрі қолжетімді болуы діни экстремистік идеялардың кеңінен таралуына да жағдай туғызуда, – деп ашық пікір айтты мамандар.

Сонымен қатар шет мемлекеттерге діни білім алуға кеткен жастар арасында да дәстүрімізге сай келмейтін, сол ілім алған елдердің ғұрпы мен дәстүріне негізделген діндерді үйреніп келіп, насихаттауда. Сондықтан да мемлекет тарапынан арнайы комиссиялар құрылып, халық арасында ақпараттық-насихаттық топтар түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

– Ата-аналар да балаларының кіммен араласып, қандай діни жолды ұстанатынына көңіл бөлуі қажет, – деді жиналғандар.

Форум аясында бірқатар қатысушылар "Қазақстандағы діни қатынастар", "Ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімнің сақталуында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рөлі", "Мемлекет және дін қатынастарындағы ғұламалардың орны мен маңызы" т.б. тақырыптарда баяндама жасады.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу