Ақтауда өртенген пәтерден балалар құтқарылды

348

Құтқару жұмысына төтенше жағдайлар қызметінің 10 қызметкері, 3 техникалық бірлік, 3 жұмысшы жұмылдырылды.

Ақтауда өртенген пәтерден балалар құтқарылды Фото: ТЖД

Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

ТЖД таратқан мәліметке сүйенсек, бүгін сағат 17:28-де Ақтаудағы 8 ықшамаудандағы №19 үйдің 3-қабатындағы пәтердің 8 шаршы метр балконы өртенген. 

"4 адам, оның ішінде 2 бала баспалдақ бойымен эвакуацияланды. Сағат 17:44-те өрт сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Құтқару жұмысына төтенше жағдайлар қызметінің 10 қызметкері, 3 техникалық бірлік, 3 жұмысшы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу