Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға 10 наурызда сағат 23:06 шамасынла Ақтау қаласының 11-шағын ауданындағы 19-үйдің 7-қабатында болған.
"Оқиға орнына жеткеннен кейін, пәтердің жатын бөлмесінеде жиһаздың (кроват) жануы анықталды. Қалған бөлмелер толықтай ысталған. Пәтердің жалпы ауданы - 50 шаршы метр, жану ауданы - 15 шаршы метр. Құтқарушылар аталған пәтерден 2017 жылғы кішкентай баланы қауіпсіз жерге шығарды", - делінген баспасөз мәліметінде.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Өрт 23:41-де сөндірілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу