Ақтауда өте сирек кездесетін құс видеоға түсіп қалды

1718

Өте сирек кездесетін құс Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген дуадақ. 

Ақтауда өте сирек кездесетін құс видеоға түсіп қалды

Ақтауда тұрғындар "Қызыл кітапқа" енген сирек кездесетін құсты видеоға түсірді, деп хабарлады inbusiness.kz порталы lada.kz-ке сілтеме жасап.

Қаладағы тұрғынның бірі "Қызыл кітапқа" енген дуадақты 1В шағын ауданынан 12 қарашада байқаған. Бұрын мұндай құсты көрмеген ол оны видеоға түсіріп алған. Тұрғын құстың аяғында арнайы белгі бар екенін де байқаған.

Маңғыстау облысы аумақтық инспекциясының дерегінше, видеодағы құс Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген дуадақ.

Халықаралық келісімшартқа сәйкес жыл сайын Шымкенттегі арнайы бақта өсірілген дуадақтар Маңғыстау облысына жеткізіледі. Осылайша, олар табиғат аясына жіберіледі.

2021 жылғы шілде және қыркүйекте Маңғыстау облысына 2 мың дуадақ жеткізіліп, табиғи ортаға жіберілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу