Ақтауда 29 жасар ер адам өз әпкесінің үйін тонағаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы tumba.kz хабарлайды.
Л-й Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Жұмыссыз жүрген жігіт Ақтауға әпкесінің үйіне келеді. Алайда туыстарын үйден таппаған ол жиені оқитын ағылшын мектебіне барады. Ешқандай күдік келтірмеген бала нағашы ағасына үйдің кілтін береді. Л-й үйдегі алтыннан жасалған бағалы бұйымдарды т.б ұрлап, қашып кеткен. Алайда оның қылмысы көп өтпей әшкере болды.
Ұрлықшының жымқырған барлық заты 5 млн. 690 мың теңгені құрайды.
Жәбірленуші інісін кешіргенмен, заң бойынша қылмыскер жазасын алуы керек. Сот азамат Л-йге 5 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу