"17 тамыз күні сағат 10:40 шамасында "102" кезекші пультіне 14 шағынаудандағы пәтерлердің бірінен ер мен әйел адамның мәйіттері табылғаны туралы шақыру түсті.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы барды. 28 жастағы күдікті "ізін суытпай" анықталып, ұсталды.
Ол Ақтау қаласы Полиция басқармасына жеткізілді.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді", – делінген полиция мәліметінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу