Ақтауда подъездің кіреберісі құлап, бір адам мерт болды

1166

Ақтау қаласының 9 шағын ауданындағы 4-үйдің күнқағары құлады.

Ақтауда подъездің кіреберісі құлап, бір адам мерт болды Фото: лада кз

Салдарынан бір ер адам көз жұмып, тағы екеуі жараланды. Бетонның құлауы нәтижесінде зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір адамды құтқару мүмкін болмады, ол оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Екі адам медициналық тексеруден өтіп жатыр. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланады.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жөндеумен айналысатын мердігер мекеменің қызметкерлері екені белгілі болды. Олар бетонды бөлшектеумен айналысып жатқан көрінеді.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу