Ақтауда полиция бастығының орынбасары қызметкерін ұрып-соққан

569

Осыған байланысты қызметтік тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтауда полиция бастығының орынбасары қызметкерін ұрып-соққан Фото: Бейнежазбадан алынды

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Видеоның сипаттамасында Шынболат Дәрібаевтың қарамағындағы қызметкерлі соққыға жығып жатқаны айтылады. Жанжалдың себебі белгісіз. Қызметтік тергеу басталған.

"Маңғыстау облысы полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының жеке құрам бойынша инспекциясы қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізіп жатыр", - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Айгерім Ибатуллаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу