Ақтауда бір жарым жастағы баланы полиция көлігі қағып кетті. Бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 13 мамыр күні болған. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, құқық қорғау органдарының қызметкері қызметтік көлікті тізгіндеген. Ол №27 шағын ауданда тұрғын үйдің алдындағы жолда 1,5 жастағы ұл баланы қағып кеткен. Оқиға салдарынан сәби есін жимастан оқиға орнында көз жұмды.
"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.
Бейресми дереккөзге сілтеме жасаған жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, жүргізуші алкогольдік және наркологиялық сараптамадан өткен.
Тексеру оның алкоголь немесе психотроптық заттарды қолданбағанын көрсеткен.