Ақтауда полипропилен қапшықтар өндіретін кәсіпорын іске қосылады

908

Инвестор компания жобаға 900 млн теңге қаржы салады.

Ақтауда полипропилен қапшықтар өндіретін кәсіпорын іске қосылады

Ақтауда полипропилен қапшықтар өндіретін кәсіпорын іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Инвестор компания жобаға 900 млн теңге қаржы құяды. Жаңа кәсіпорында 40-тан астам тұрақты жұмыс орны ашылып, өңірдің экономикалық дамуына серпін бермек.

Аумағы 1600 шаршы метрді құрайтын ғимарат Ақтаудағы арнайы экономикалық аймақта орналасқан.

"Байқауға 4 компания қатысып, "Вест эко п ласт" серіктестігі жеңді",-дейді "Каспий" Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Бауыржан Қайратов.

Полипропиленді қапшықтарды құрылыс материалдары мен химиялық өнімдерді тасымалдауға қолданады.

Маңғыстаудағы жаңа жоба келесі жылдың соңында іске қосылады. Өндіріс 40-тан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Серіктестікке ғимарат 2 жылға сенімгерлік басқаруға берілген. Осы уақыт аралығында кәсіпорынның жұмысы жандануы тиіс.

"Біз Австриялық компаниямен келісімшартқа отырдық. Олар қажетті жабдықтарды жеткізіп, монтаждап, мамандарды оқытуды мойнына алды. Қазіргі таңда жобаның техникалық шарттын алдық",-дейді серіктестік директорының м.а. Еркебұлан Баймолдин.

Кәсіпорында жылына 250 мыңнан 500 мың данаға дейін полипропиленді қапшық шығарылады. Нарықта "БигБег" деп аталатын өнімге өңірдегі мекемелерден қазірдің өзінде сұраныс көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу