Ақтауда Президент Резиденциясының аумағы кімге берілетіні шешілген жоқ

534

Жер учаскесінің құны 1 млрд теңгені құрайды.

Ақтауда Президент Резиденциясының аумағы кімге берілетіні шешілген жоқ Фото: mixyfotos.ru

Ақтауда Президенттің бұрынғы Резиденциясы балалар үшін қайта жабдықталатын болады деген хабар тарады. Бірақ қалалық әкімдік "Самал"шағынауданындағы 225 гектардан асатын учаскеде нақты не салынатыны туралы әлі шешім қабылдаған жоқ.

Президенттің Резиденциясы көп жылдар бойы орналасқан "Самал" шағын ауданындағы жер аумағы мемлекетке қайтарылды. Бұған дейін 225 гектар жер учаскесінің құны бір миллиард теңгені құрайтыны хабарланған болатын. 

Маңғыстау облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы 2002-2004 жылдары жер учаскесі "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ меншігіне берілгенін, содан кейін сол жылдары "Oil Real Estate"ЖШС-не сатылғанын хабарлады.

20 жылдан астам уақыттан кейін сот процестері жер учаскесінің заңсыз сатылғанын анықтады. Учаске иесі апелляциялық шағым беру арқылы бірінші сатыдағы соттың шешімін жоюға тырысты. 

“Жер учаскесін беру кезінде Ақтау қаласының әкімдігі берудің жалпы тәртібін сақтамаған, яғни жер учаскесі жер комиссиясының және жерге орналастыру жобасының қорытындысынсыз берілген. Департаменттің жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы талабын бірінші сатыдағы сот қанағаттандырды. Жауапкер берген апелляциялық шағым Маңғыстау облыстық сотының шешімімен қанағаттандырылмады. Сот шешімі заңды күшіне енді”, - деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы. 

Ақтау қалалық әкімдігі бұл жер учаскесінде нақты не салынатыны әлі белгісіз екенін хабарлады.

“Бұл учаске бас жоспарға енгізіліп, егжей-тегжейлі жоспарлау әзірленетін болады. Осыдан кейін осы учаскеде не салынатынын айтуға болады”, - деп хабарлады әкімдік.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Президенттің тапсырмасы бойынша, Мемлекет басшысының Қостанай, Ақтау, Тараз, Атырау және Ақтөбедегі өңірлік резиденциялары әкімдіктерге балалардың қажеттіліктеріне берілетіні хабарланған болатын. Президенттің Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарындағы резиденцияларын балалар сауықтыру орталықтарына айналдыру жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу