Маңғыстау облысында 26 мамыр мен 1 маусым аралығында "Ралли Қазақстан-2019" жарысы өтеді, деп хабарлайды yunews.kz.
Іс-шараны ҚР мәдениет және спорт министрлігі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен ҚР автомотоспорт федерациясы ұйымдастырып отыр.
Алты кезеңнен тұратын сайыста қатысушылар 2500 шақырым жолды еңсеруі қажет. Бірінші кезеңде олар Ақтау қаласынан шығып, оңтүстікті бетке алып 210 шақырым оңтүстік-шығыста орналасқан Кендірлі шипажайына барады. Екінші күні Сенек елдімекенінің айналасындағы айналма учаскесі арқылы шөл даламен шығысқа, үшінші кезеңінің бағыты Кендірліден шығысқа қарай жол жүреді. Төртінші кезеңі Жаңаөзен қаласы айналасында өтеді, содан кейін қатысушылар Ақтау қаласына оралады. Аяқтау кезеңінде спортшылар Каспий теңізі жағалау сызығымен өтіп, 1 маусымда Ақтау қаласында жағалау алаңында аяқтайды.