Қасым-Жомарт Тоқаев 9 қарашада Ақордада Владимир Путинмен кездесуінде Ақтауда Ресей бас консулдығы ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Мемлекет басшысы бұл екі ел арасындағы дипломатиялық өзара іс-қимылды кеңейтетінін атап өтті.
"Жақын арада Ақтауда Ресейдің бас консулдығын ашу жоспарланып отыр. Биыл Қазақстанның Ресейдегі өкілдіктерінің желісі Екатеринбургтегі бас консулдықпен толықты. Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан және Омбыда Қазақстанның бас консулдықтары ашылды", деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Қазақстанда жұмыс істейтін шетел капиталы бар кәсіпорындар саны бойынша сөзсіз көшбасшы екенін айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу