Ақтауда сәбіз бағасы 850 теңгеге жетті

1267

Ақтауда 1 келі сәбіздің бағасы сегіз жүз елу теңгеге жетті. Бұл былтырғы маусыммен салыстырғанда үш есе қымбат.

Ақтауда сәбіз бағасы 850 теңгеге жетті

Ақтау дүкендерінде сәбіздің келісі 535-850 теңге аралығында сатылған. Жергілікті басшылық бұл сәбіз сортының премиум-класқа жататын және шетелден әкелінетін арнайы сорт екенін түсіндіруде. Ал жұртшылық тұтынатын сәбіз бағасы шарықтап өсті деуге негіз жоқ, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Қаладағы "KazFruit" ЖШС сауда нүктесінде сәбіз 745 теңге деп көрсетілген.

"Бізде сәбіздің бірнеше түрі бар. Негізгі көпшілікке арналған әлеуметтік маңызы бар сәбіздің келісі 180 теңгеден басталады. Ал премиум-класқа жататын сәбіздердің бағасы 450 теңгеден басталады. Сөз болып жатқан 745 теңгенің сәбізі Израильден әкелінеді, оның өзіндік құны 700 теңгеге шығады. Бұл сорттың да өз тұтынушылары бар, ол аз көлемде жеткізіледі", - деп түсіндіреді "Kaz Fruit

Company" ЖШС бас директоры Замин Сафаров. Сәбіздің тіпті 90 теңгеге де алуға болатынын айтқан кәсіпкер бұл өнімнің қымбаттағаны жөніндегі ақпаратты "дезинформация" деп мәлімдеме жасады. 

Облысқа, соның ішінде Ақтау қаласына көкөніс өнімдерін жеткізетін ірі компания басшысы билік кедендік құн салығын алып тастап, мараторий белгілеу сияқты жеңілдіктер ұсынса баға саясатына әсер етер еді деген пікірде. Дегенмен, мұндай ұсыныстар қолдау таппағаны белгілі болып отыр. 

Бұған дейін картоп бағасының күрт көтерілуі де осындай дүрбелең туғызған. Қазіргі күні аталған мекеме қалалық әкімдікпен арадағы меморандумға сәйкес, картопты әрбір тұтынушыға бес келіден артық сатпауға міндеттеліпті.  

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу