Балалар хирургі Құрман Қайрановтың айтуынша, нәрестенің туғанда өңеші бітеу болған. Оған жасалған ашық ота барысында кеуде тұсы ашылған. Операция 1,5 сағатқа созылды.
"Сәбидің салмағы 1 келі 500 грамм. Бұл салмағы аз балаға жасалған алғашқы тілік. Білікті мамандардың арқасында ұзаққа созылған ауыр отаны нәресте жақсы көтерді", – дейді дәрігер Құрман Қайранов.
Сәби дәрігерлердің қарауында болып, аман-есен үйіне шығарылған. Толық сауыққанша әлі де мамандардың бақылауында болмақ.
Тасым Жаңай
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу