Ақтауда салмағы 6 кг жуық алып сәби дүниеге келді

913

Ақтау қалалық перинаталдық орталығында салмағы 5 кг 800 гр, бойы 65 см  алып қыз дүниеге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтауда салмағы 6 кг жуық алып сәби дүниеге келді

Ана мен баланың жағдайы жақсы. 26 жастағы ана Форт-Шевченко қаласының тұрғыны. Нәресте отбасының бесінші баласы. 

"Өзімді жақсы сезінемін. Дәрігерлерге алғыс айтқым келеді. Бұл менің бесінші балам. Көп балалы анамын. Менің балаларымның барлығы үлкен салмақпен дүниеге келді. Отбасымыз бізді асыға күтіп отыр", - деп сезімімен бөлісті жас ана Айгүл Жұмабаева.

Орталық директоры Ғалия Махимованың айтуынша, орталықта 2022 жылы 17 алып сәби дүниеге келген. Мұндай балалардың туу себептері әртүрлі. Көбінде генетикалық тұқым қуалаушылық бар. Жыл басынан бері салмағы 5 200 гр, 4 700 гр нәрестелер дүниеге есігін ашты.

Айта кетейік, өткен жылы қалалық перинаталдық орталықта дүниеге келген ең ірі баланың салмағы 6200 бала болды.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу