Ақтауда салық төлеуден жалтарған жүргізушінің көлігі тәркіленді

831

Ол бюджетке 1,1 млн теңге көлемінде салық төлемеген.

Ақтауда салық төлеуден жалтарған жүргізушінің көлігі тәркіленді Фото: Маңғыстау облыстық салық комитеті

Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері жол талғамайтын көлікті айыппұл тұрағына апарды.

"Қазіргі уақытта ақтаулықтардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша 556 млн теңгеден астам қарызы бар. Рейд барысында борышкерлерден 925 мың теңге өндіріп алынды. Салықтарды төлемеудің жағымсыз салдарын болдырмау үшін салық төлеушілерге өздерінің салық міндеттемелерін тексеруге және егер берешек болса, оны мүмкіндігінше қысқа мерзімде төлеуге кеңес берілді", - деп хабарлайды салық мамандары.

Салықтар бойынша берешегі бір айлық есептік көрсеткіштен асатын автокөлік иелерін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының қабылдануын күтпей, салық берешегін өтеуге шақырамыз, бұл жеке сот орындаушыларының қосымша шығындарын төлеуге үнемдеуге мүмкіндік береді, - делінген хабарламады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу