Ақтауда саммит қарсаңында 5 миллион гүл егіледі

848

Ақтауда саммит қарсаңында 5 миллион гүл егіледі

Алдағы тамыз айында Ақтауда Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммиті өтеді, деп хабарлайды 24. kz.

Халықаралық маңызды шараға Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан мен Иран президенттері бастаған бес ел делегациясы қатысады деп күтілуде. Мәртебелі меймандарды қарсы алу үшін ақмаржан қала қызу дайындыққа кірісіп кетті. 10 шақырым жол бойына тал мен гүл егіліп, қала жасыл желекпен көмкерілмек. Барқытгүл, қырмызы гүл, түрік қалампыры сынды 5 миллион гүл егіледі. Шаһарға кіре беріс тұсқа биіктігі 8-9 метр болатын гүлмен өрілген құмыра композициясы орнатылды. Көгалдандыру жұмыстарына республика қазынасынан 823 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ орталық көшелер күрделі жөндеуден өтіп, ескі жолдар тақтайдай тегістелді. Шетелдік қонақтарды қабылдауға 5 жұлдызды 6 бірдей қонақ үй дайындалып жатыр.

"Жаңадан ағаштар егілетін болады. Айтылған жол бойынан 7 мың павлония дейтін ағаштар отырғызылатын болады. Ертең ол биіктеген кезде шамамен 20-25 метр биіктікке дейін өсетін ағаштар",- дейді  қалалық ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Қайрат Ақыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу