Ақтауда сарбаздармен жеке жұмыс істейтін әскери психологтар дайындалды

548

Ұлттық ұланның Ақтаудағы 6656 әскери бөлімінде психолог мамандарға арналған үш күндік оқыту семинары өтті.

Ақтауда сарбаздармен жеке жұмыс істейтін әскери психологтар дайындалды Фото: gov.kz

Жиынға Батыс өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің психологтары қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аталған оқу-әдістемелік семинарды ұйымдастырудағы мақсат - әскери психологтарға әскери бөлімдердің жеке құрамымен етене жұмыс істеу тәртібін түсіндіру, психологтардың біліктілігін арттыру. Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаменті, ҚАЖД сынды мекемелермен өзара іс-қимыл жасауды және тәжірибе алмасуды үйрету. 

"Біз бүгін үшкүндік семинардың дәрісін тыңдадық. Көп тәжірибеден өтіп, шыңдалған мамандар түсіндіруде. Мұнда алған білімнің бізге көмегі мол болмақ. Топпен және жекелей жұмыс жасау айтылып, қосымша материалдар түсіндірілді. Әсіресе, тәуекелді топтармен жұмыс жасау, әскердегі әлімжеттіктің алдын алу, жаңадан келген әр сарбазбен жеке сөйлесу арқылы кез- келген жағдайды реттеу, келісімшарт бойынша жұмыс жасайтын офицерлік құраммен бөлек жұмыс істеу. Осының бәрі қамтылды", - дейді Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімінің капитаны, психолог Айнұр Халилова.

Семинарда мамандар жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында "Your Growth" жеке психологиялық орталығына барды. Әскери бөлімде психологиялық практикалық жаттығулар жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу