Ақтауда сауда базарындағы өрт жедел сөндірілді

303

Өрттің жалпы аумағы 60 шаршы метрді құрады.  

Ақтауда сауда базарындағы өрт жедел сөндірілді Фото: Бейнежазбадан

Ақтау қаласында сауда базары аумағында шыққан өрт қысқа уақыт ішінде толықтай сөндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға кешкі уақытта қаладағы 23-шағынауданда орналасқан сауда базарының аумағында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт кеңсе тауарлары сатылатын бутиктердің бірінен шыққан.

Хабарлама түскен сәттен бастап Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, өртті оқшаулау жұмыстарына кірісті. Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында жалынның көршілес сауда орындарына таралуына жол берілмеді.

Өрттің жалпы аумағы 60 шаршы метрді құрады. Өрт қысқа мерзімде толықтай сөндірілді.

Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу