Ақтауда шағын және орта бизнес үшін индустриялық аймақ құрылады

919

Ақтауда шағын және орта бизнес үшін индустриялық аймақ құрылады

"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру аясында Маңғыстау облысының индустриялық аймағын құру қажеттілігі туындап отыр, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Индустриялық аймақтардың негізгі қызметі өнеркәсіп саласындағы жеке кәсiпкерлiктi жедел дамытуға жәрдемдесуге, жаңа өндірістің инфрақұрылымын құру және кеңейту шығынын оңтайландыруға, өндіріс тиімділігін арттыруға, халықты жұмыспен қамтуға бағытталған.

Бұрынғы зауыт алаңы шағын және орта бизнес нысандарын орналастыру үшін пайдаланылады. Өндіріс нысандарының жабдықталуы және ғимарат құрылысы үшін алаңдағы жер учаскелері инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлер үшін тоқтап тұрған, жұмысы тұрып қалған немесе жұмыс істемейтін кәсіпорын сатуға немесе жалға беруге дайын.

Қазір индустриялық аймақ жоспарланып отырған аумақта өз қызметін бастауға 30-ға жуық компания ниет білдірді.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов индустриялық аймақты бәсекеге қабілетті кәсіпкерлік жобалармен толтыру және дайын өндірістік алаңды қажетті дайын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөнінде Маңғыстау облысының әкімдігіне, "Каспий" ӘКК" ҰК" мен "Атамекен" КҰП-қа нақты тапсырма берді.

Бұл аймақтың индустриялық инновациялық дамуына үлес қосып, шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік ашады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу