Ақтауда шетелдік көліктерді заңдастыруда қиындықтар туындады

697

Ақтау қаласында шетел көліктерін заңдастыру үшін бір ғана орын аздық етіп отыр.  

Ақтауда шетелдік көліктерді заңдастыруда қиындықтар туындады Фото: inbusiness.kz

Көпшілік бірнеше күн кезекте тұрып, әуре-сарсаңға түсіп жүр. Ең қиыны, кезегі жетіп барғандардың құжаттары қабылданбай қалады. Осы сұраққа inbusiness.kz тілшісі жауап іздеп көрді.

Әділбек Құбышев халыққа қызмет көрсету орталығына осымен бесінші рет келіп тұр. Армениядан әкелген көлігін рәсімдеуде қиындық туындаған. Енді оны заңдастыру үшін 215 мың теңге емес, одан 10 есе көп қаражат керек. 

"Базада жоқ дейді. Оны рәсімдей алмайсың деді. 2 млн-2 жарым млн тг  теңге салық төлеуім керек. 3 ақпанда техпаспорт көшірмесін тапсырдық, Астана арқылы Арменияға хат жібереміз деген әлі жауап жоқ. Күтіңдер әлі 6 ай бар деп тұр", - деп ренішін білдірді Әділбек Құбышев.

Бұдан басқа көлік иелерін ұзын-сонар кезек пен техникалық ақаулар мезі еткен көрінеді. Тіреу базалары істемей, бірнеше рет келгендер бар көрінеді. Сондықтан да көлік иелері рәсімдеу орнын қосымша бірнеше жерден ашуды сұрайды.

Есепке жүгінсек, бір ай ішінде Маңғыстауда 2 мыңнан астам көлік тіркеуден өтті. Жарамсыз деп танылғандары да жоқ емес.

"23 қантардан бастап 2355 құжат қабылданды. Оның ішінде 228-нен бас тартулар болды өкілетті органнан. Шыққан техпаспорт тізімі 2128. Әртүрлі себептер бар. Талапқа сай емес. Басқа мемлекетте аресте тұрған, есептен шықпағандар көп болып жатыр",- дейді Ақтау қалалық ХҚКО бөлімінің басшысы Жұпарбек Жарменов.

Еліміз бойынша күні бүгінге дейін 40 мың көлік заңдастырылған. Тағы 90 мыңға жуығы тексеруден өтіп, жауап күтуде.

Ішкі істер министрінің айтуынша, заңға сай келмейтін көліктер де бар. Ұрланған автокөліктер, бөлшектері қолдан жиналған машиналар жіті тексерілуде.

Маңғыстаулық көлік иелері рәсімдеу талабын жеңілдетуді сұрайды. Шетел асып, құжат реттеуге немес машиналарын бөлшектеп сатуға төзбейтіндерін ашық айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу