Ақтауда "Шорда" су арнасына батып кеткен ер адам іздестірілуде

736

Жазатайым оқиға 24 қыркүйекте "Шора" су арнасының маңында болды.

Ақтауда "Шорда" су арнасына батып кеткен ер адам іздестірілуде Фото: тумба кз

Суға батқан адамды іздеуді құтқарушылар мен еріктілер жүргізуде. ТЖД мамандары адам денесін әлі таппады. Құтқарушылардың айтуынша, 1993 жылы туған ер адам су астында аулау кезінде суға батып кеткен.

25 қыркүйекте сағат 08:14-те Ақтаудан 25 шақырым жерде, "Шора" су каналының аумағында суға батқан азаматты іздеу басталды.

Іздестіру жұмыстарына ТЖД құтқарушылары, ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Маңғыстау облысы бойынша жеке құрамы жұмылдырылды, сондай-ақ іздеуге бей-жай қарамайтын адамдар мен еріктілер қосылды.                                                                                                                                                                                           

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу