Ақтауда шұғыл ағаш отырғызылып жатыр

940

Қалада тал көктемде ғана емес, күзде де егіледі.

Ақтауда шұғыл ағаш отырғызылып жатыр

Ақтауда күзгі маусымда 320 ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Қылқан және қылқан жапырақты көшеттер 960 метр көлемдегі жерге егілмек. Айта кетейік, тал егу процесі көктеммен қатар, күз айларында да жүзеге асады, тек оған суық басталып кеткенше екі аптадай уақытқа дейін үлгеру керек. Биыл бұл жұмыстар қыркүйек айының ортасынан қарашаның ортасына дейін жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, алдағы уақытта 7 мың шаршы метр жерге көгал да егілмек.

Қазіргі мәліметке сәйкес, Ақтауда 67 мыңға жуық ағаш бар. Былтыр қала аумағында 1 150 дана ағаш, 3000 дана раушан гүл, 12 000 дана бұта, 218 000 дана бір жылдық гүл отырғызылған. Ал биыл тек 5 мың шаршы метр көгал егіліп, орталық көшелерге бір жылдық гүлдер мен раушан гүлдері отырғызылған. Қазір жаңадан суару құбырлары шағынаудан периметрлеріне, саябақтарға, скверлер мен әуежай жолына орнатыла бастады. Гүл мен газон егілген жерлерге жаңбырша, яғни шашыратып суару әдісі қосылды. Бүгінгі таңда абаттандыру жұмыстары жалғасуда. 

"Шашырата суару әдісі бойынша жасалған құбырларды тексеріп жатырмыз. Жарылған жерлері жасалып, қала аумағында құбыр жоқ жерлерге жаңасы орнатылады. Жоспар бойынша жол жиектеріне орнатуды көздеп отырмыз", – дейді "Қала жолдары" ЖШС басшысы Ғалымжан  Серікбаев.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу