Ақтауда заңсыз айналымнан синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақтау қаласында Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және ЖҚАЖ қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткіні заңсыз сақтады деген күдіктіні ұстады.
Жеке тінту барысында күдіктіден салмағы 2 келіге жуық альфа-PVP синтетикалық есірткісі салынған 4 полиэтилен пакет тәркіленді.
Жедел іс-шараларды жалғастыру барысында Ақшұқыр аумағында орналасқан 15 ықтимал орын тексерілді. Соның ішінде 8 жасырын орыннан жалпы салмағы 128,92 грамм есірткі табылды, қалған 7 орын бос болған.
Қазіргі уақытта іс бойынша жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.