Ақтауда алғаш рет smart мектеп ашылады, деп хабарлайды 24.kz.
Заман талабына сай салынған ғимаратта бастан-аяқ цифрлық білім беру технологиясы енгізілген. Яғни "Ақылды мектеп" жобасы аясында білім ордасына бақылау-өткізу құрылғылары мен ақпараттық терминал орнатылды.
Терминалдың артықшылығы сонда ата-аналар мектеп, оқушылар мен мұғалімдер, сабақ кестесі туралы толық ақпаратты ешкімнің көмегінсіз ала алады.
Жаңа оқу жылынан бастап, 1 мың 800 оқушы ақпараттық технологияны тереңірек меңгеріп, киберфизикалық жүйелерді интеграциялауды, бағдарлама әзірлеп, роботтар құрастыруды үйренеді. Су жаңа мектепте жаңа технологиялармен жабдықталған кабинеттерден өзге халықаралық талаптарға сай келетін футбол алаңы және ақылды жылыжай бар. Смарт жылыжай автоматты түрде жұмыс істейді. Суару, жылыту және жарық беру жүйесі тәуліктің әр мезгіліне қарай өздігінен реттеледі. Мұнда балалардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, жаңалық ашуына толық жағдай жасалған.