Ақтауда "SOS" дабыл түймелері іске қосылды

539

"SOS" батырмалары Ақтау қаласында бес мекенжай бойынша орналасқан.

Ақтауда "SOS" дабыл түймелері іске қосылды

Ақтау қаласындағы адам көп шоғырланатын қоғамдық орындар мен саябақтарда "SOS" дабыл түймелері орнатылды.

Аталған құрылғы – полициямен жылдам байланысуға мүмкіндік беретін ыңғайлы сервистік жүйе. Маңғыстаулықтар бір ғана түймені басу арқылы тәртіп сақшыларының көмегіне жүгіне алады. Жедел басқару орталығының операторы қоңырау шалушыны көру арқылы оның орналасқан жерін анықтап, шұғыл әрекет ету және тиісті көмек көрсету шараларын қабылдайды.

Көпшілікке сапалы қызмет көрсетудің тиімді құралы – "SOS" батырмалары Ақтау қаласында бес мекенжай бойынша орналасқан. Олар теңіз жағалауындағы "Амфитеатр", "Ақбота" саябағы, "Мәңгілік алау", "Ынтымақ" алаңы мен "Приморский "жағажайы.

Сонымен қатар "SOS" дабыл түймесін қаланы нашар білетін туристер де қолдана алады. Бағдарланбаған жерлерде адасып қалған азаматтар осы батырма арқылы тәртіп сақшыларымен байланысып, көмек сұрайды.

"Маңғыстау облыстық Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын аса қажеттілік болмаған жағдайда батырманы себепсіз пайдаланбауға шақырады. Жедел басқару орталығының операторлары сіздің қоңырауыңызға кеткен уақыттың орнына, расымен көмекке зәру азаматтардың хабарламасын қабылдауы мүмкін екендігін есте сақтаған жөн", – дейді полицейлер.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу