Ақтауда сот шешімімен жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

106

Қазір нысанның бір бөлігі сүріліп, жер телімін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.  

Ақтауда сот шешімімен жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды Фото: gov.kz

Ақтау қаласының 15-шағынауданында орналасқан жер учаскесі соттың заңды шешімі негізінде мемлекет меншігіне қайтарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті аумаққа кешенді зерделеу жұмыстарын жүргізіп, оның нәтижелері бойынша кеңейту туралы қаулының күшін жоюға қатысты талап арызды сот органдарына жолдаған болатын.

Сот шешімі шыққаннан кейін кеңейту нысанына берілген қаулының күші ресми түрде жойылып, жер учаскесі мемлекет меншігіне өтті. Бұл шешім қала тұрғындары тарапынан түскен өтініштер мен шағымдарды ескере отырып, қолданыстағы заңнама аясында қабылданды.

– Қазіргі таңда аумақтағы рұқсатсыз салынған құрылымдар бұзылып, жер телімі бастапқы қалпына келтірілуде, – деді Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімінің маманы Айбек Баймаханбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу