Ақтауда сотталғандарға арналған жатақхана опырылып, екі адам мерт болды

877

Маңғыстау жаңалықтары Ақтаудағы ГМ-172/6 мекемесінде сотталғандарға арналған жатақханалардың бірі құлады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

 Ақтауда сотталғандарға арналған жатақхана опырылып, екі адам мерт болды

Кеше сағат 16.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/6 мекемесінде сотталғандарға арналған жатақханалардың бірінің екі қабатты ғимаратының ішінара құлауы орын алды.

Қазіргі уақытта оқиға кезінде жатақхана ішінде 10 адам болғаны анықталды. 2 адам алған жарақаттарынан қайтыс болды. Зардап шеккен 7 адам қауіпсіз жерге шығарылып, ауруханаға жеткізілді. Ал үйіндінің астында қалған тағы 1 сотталушыны іздеу бойынша жұмыстары жүргізілуде.

Мекемеде ТЖД авариялық-құтқару бригадасы, полиция департаментінің, прокуратураның қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Арнайы техника тартылды.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінде 8 (7172) 72-30-40 (Нұр-Сұлтан), 8-776-677-80-77 нөмірлері бойынша сотталғандардың туыстары үшін тәулік бойы колл-орталық ұйымдастырылды.

Ішкі істер министрдің орынбасары Арыстанғани Заппаровтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Оған ҚАЖ комитетінің басшылығы, ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары кірді. Комиссия мүшелері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға Ақтауға ұшып кетті.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қызметтік тексеру жүргізілуде. Жағдай ІІМ басшылығының ерекше бақылауында.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу