Ақтауда өткен жылдың тамыз айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ұсталған Спорт және дене шынықтыру басқармасының бұрынғы басшысы Қанат Жұмабаевқа қатысты сот талқылауы аяқталды.
Спорт және дене шынықтыру басқармасының бұрынғы басшысына қатысты сот процесі Ақтау қалалық сотында өтті. Қанат Жұмабаевқа ақтау үкімі шығарылды.
Жұмабаев тоғыз айға жуық тергеуде болды. "Каспий" футбол клубының атқарушы директоры Әлібек Оразғалиев бұл істе жәбірленуші ретінде өтті.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Қанат Жұмабаев 2022 жылдың тамыз айында Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып жұмыс істеген кезде жұмыс орнында ұсталған болатын. Дереккөздің хабарлауынша, шенеунік бюджет қаражатын ұрлады деп күдікке ілінген.