Ақтауда Жастар жылы аясында республикалық студенттер фестивалі өтті, деп хабарлайды 24.kz.
Шара аясында жас кәсіпкерлер байқауы, пән олимпиадасы мен дебат турнирі ұйымдастырылды. Жастар стартап жобаларын ұсынды. Байқаудың жеңімпаздарына Ақтаудағы Шахмардан Есенов атындағы мемлекеттік оқу орнының арнайы 100 гранты берілді. Сонымен қатар Каспий жағалауына жиналған жастар баскетбол, жағажай волейболы, қазақша күрес сынды спорт түрлерінен сайысып, жүгіру марафонына қатысты.
"Жас кәсіпкер" жобасы аясында 130-дан астам әлеуметтік, саяси, туризм саласындағы жобалар ұсынылды. Финалдық сайысқа 50 жоба жібердік. Ұтқандарға университет грантын ұсынамыз", дейді Каспий мемлекеттік университетінің ректоры Берік Ахметов.