Шаһардың он жетінші шағын аудандағы 500 орындық жатақхана бес қабаттан тұрады, деп жазады inbusiness.kz.
"Ғимарат қажетті жиһазбен, құралдармен және бөлмелермен қамтылған. Жастарды алаңсыз білім алуына жағдай жасау – басты назарда", - деді қала басшысы Ербол Ізбергенов.
Студенттік жатақхананың жалпы ауданы – 10 732 шаршы метр. Мұнда 2 және 3 жатын орындық бөлмелер, киім жуу бөлмесі, медициналық пункт, буфет, оқу залы, жиналыс бөлмесі бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу