50 га жерде сыйымдылығы 40 мың текше метр су бассейндері мен суды тұшытатын қондырғылар бой көтереді. Инвестициялық жобаның құны – 4 млрд теңге.
"Жуырда Президенттің Маңғыстау облысына келген сапары барысында су мәселесін шешу туралы тапсырма берілген болатын. Халықты үздіксіз ауыз сумен қамтуға бағытталған жобаларды жеделдетуге кірістік. Су тұшытатын зауыт салуға келіскен инвестормен қажетті келісімдер жасалды", – деді Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.
"Жаңа зауыттың жоспарланған қуаты 20 мың текше метрден асады. 2022 жылы іске қосылатын жобаның алғашқы кезеңінде тәулігіне 5 мың текше метр су өндірілмек. Техникаларымыз жеткілікті. Канал қазу жұмыстарын бастап кеттік. Қажетті құрылғыларға тапсырыс беріп жатырмыз. Бір бөлігі АҚШ, Европа елдерінен, енді бір бөлігі Ираннан жеткізіледі", – деді Жоба құрылтайшысы Есман Жұмабаев.
Алмас Қылыш