Ақтауда су үшін наразылық танытқан тұрғындар жолды жауып тастады

338

Судың қысымы тіпті екінші қабатқа да жетпеген.

Ақтауда су үшін наразылық танытқан тұрғындар жолды жауып тастады Фото: ladakz парақшасынан

Ақтауда бірнеше күн ауыз сусыз отырған қала тұрғындары наразылық танытып, жолды жауып тастаған.  Әкімдіктің уәдесінен нәтиже болмағандықтан олар шарасыздықтан осындай қадамға барыпты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Аталған мәселе 19-шағын ауданында юолған. Ақтау әкімдігінің мәліметінше, 11 маусымда, № 23, 19 шағын ауданның ауласында үйлерде ауыз судың болмауы мәселесі бойынша жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жиналған.

Тұрғындарды судың қысымы тіпті екінші қабатқа да жетпегенін айтады. Олар қанша шағым жасаса да құр уәделер нәтиже бермеген.

Кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері, қала әкімі және коммуналдық қызмет өкілдері келді. Қала әкімі Ұлықбек Тналиев пен ҚЖА басшысы да болды.

Ал Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері жол бөлігін босатып, адамдардан жол жиегіне көшуді сұрады. Осылайша қозғалыс қалпына келтірілді.

"Қала әкімі, Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің, Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жауапты қызметкерлері және "Каспий жылу, су арнасы" МКК басшылығы тұрғындармен сөйлесіп, крандарда судың болмау себебін түсіндірді. Уәкілетті тұлғалар тарапынан түсіндіру жұмыстарынан кейін барлық тұрғындар үйлеріне тарады. Бүгін "Каспий жылу, су арнасы" МКК ауыз судың көп жұмсалуына байланысты "ЦВС-4" - тен қысым сағат 19.00-ге дейін уақытша төмендеді", - деді қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу