Ақтауда суға батқан ер адамның денесі табылды

510

Құтқарушылар 1993 жылы туған ер адамның денесін үш күннен соң тапты.

Ақтауда суға батқан ер адамның денесі табылды Фото: polisia.kz

Марқұм 24 қыркүйекте суасты аңшылық кезінде суға батып кеткен болуы мүмкін. Маңғыстау облысының ТЖД хабарлауынша, іздестіру-құтқару операциясына 10 құтқарушы, 3 бірлік мамандандырылған техника, пилотсыз ұшу аппараты және іздестіру қозғалысының еріктілері қатысты.

"Бүгін, 26 қыркүйекте сағат 12:08-де сүңгуірлер "Шора" су арнасының маңында бес метр тереңдікте және жағадан 400 метр қашықтықта орналасқан ер адамның денесін тауып, судан алып шықты", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу