Ақтауда суға батып бара жатқан екі жігіт құтқарылды

444

Құтқарушылар жастарға жағаға шығуға көмектескен.

Ақтауда суға батып бара жатқан екі жігіт құтқарылды Фото: видео скриншот

Ақтауда Каспий теңізіне 2000 және 2004 жылы туған екі жігіт жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға бата жаздаған.

"Ақтаудың 4А шағын ауданында екі жігіттің суға батып бара жатқаны туралы хабар 28 маусымда сағат 18:30-да келіп түсті. Каспий теңізінің жағалауында Маңғыстау облысы ТЖД мобильді құтқару бекетінде кезекшілік еткен құтқарушылар 2000 жылы туған Ақтау тұрғыны мен 2004 жылы туған Жаңаөзен тұрғынын құтқарды. Олар шомылу үшін жабдықталмаған жерде суға түскені белгілі болды. Жастарға медициналық көмек қажет емес, - деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша ТЖД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу