Ақтауда суға батып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі табылды

229

Қайғылы оқиға кеше кешке болған еді. 

Ақтауда суға батып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі табылды Фото: Вконтакте

Ақтауда суға батып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құтқару тобы жігіттің денесін бүгін Солдат жағажайынан тапты. Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері мәлімдеді.

"Іздеу жұмыстары барысында жігіттің денесі екі метр тереңнен, Солдат жағажайы маңындағы жағадан 300 метр қашықтан табылды", - деді аймақ ТЖД өкілдері.

Қайғылы оқиға кеше кешке болған еді. Каспий теңізі жағалауындағы Солдат жағажайы маңында 2006 жылы туған жігіт суға батып кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу