Ақтауда тасжол уақытша ұшақтарға арналған ұшу жолағына айналады

226

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Маңғыстау облысы филиалы мәлім етті. 

Ақтауда тасжол уақытша ұшақтарға арналған ұшу жолағына айналады Фото: inbusiness.kz

10 маусым мен 19 шілде аралығында "Жетібай-Жаңаөзен" автожолының 28-31 шақырымдық бөлігі (аэродромдық учаскесі) барлық көлік қозғалысы үшін уақытша жабылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Маңғыстау облысы филиалы тас жолдың қорғаныс министрлігі бөлімшелерінің оқу-жаттығу өткізуіне байланысты жабылатынын мәлімдеді.

Аталған жол учаскесінде Жаңаөзен бағытына және қарама-қарсы бағытта көлік қозғалысы айналма жол бойымен ұйымдастырылмақ.

“Жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға, уақытша жол белгілері талаптарын орындауға және айналма жолмен жүруге шақырамыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз”, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу