Ақтауда Тегеран конвенциясының 20 жылдығына орай алғашқы пленэрдің ашылуы өтті

458

Іс-шараның мақсаты Қазақстан халқының мәдени және рухани дәстүрлерін қолдау, сондай-ақ отандық суретшілердің шығармашылығын насихаттау. 

Ақтауда Тегеран конвенциясының 20 жылдығына орай алғашқы пленэрдің ашылуы өтті Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Маңғыстауда 28 тамызда Каспийдің теңіз ортасын қорғаудың Тегеран конвенциясының 20 жылдығына арналған "Каспийді бейнелеп салу" атты қазақстандық суретшілердің алғашқы пленэрінің ашылуы өтті.

Пленэр аясында қатысушылар үшін Маңғыстау облысының көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылды, жас суретшілерге арналған кескіндеме бойынша шеберлік сағаттар өткізілді.

Плэнер аясында суретшілердің үздік өнер туындылары көрермен назарына ұсынылған арнайы көрменің ашылу рәсімі өтті. Пленэр қатысушыларымен кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев суретшілерге өңірдің мәдени әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Маңғыстаудың табиғаты ерекше және оны көбінесе ашық аспан астындағы мұражай деп атайды. Қазіргі уақытта мәдениет саласына ерекше назар аударылуда. Облыс әкімінің қолдауымен мемлекеттік грант аясында Маңғыстаудың бір топ шығармашыл адамдары-суретшілер, бейнеоператорлар - "Отпантаудан-Ұлытауға" экспедициясын аяқтады. Сонымен қатар, "Жеті қырлы Маңғыстау" өңірлік суретшілер мен мүсіншілер симпозиумы еліміздің түкпір-түкпірінен келген суретшілерді тәжірибе және идеялар алмасу үшін жинады. Іс-шараға уақыт бөліп қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Мәдениет саласының қарқынды дамуына қосқан үлесіңіз зор және біз сіздерге әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз. Өз шығармашылығыңыздың өзегі ретінде өткір мәселелерге баса назар аударуыңыз біз үшін аса маңызды Өйткені, Каспий теңізінің болашағы бәрімізді алаңдатады, - деді Ұлықбек Тналиев.

Пленэр қонақтарының арасында көрнекті суретші Әбілхан Қастеевтің немерелері-Сауран Қастеев пен Дәурен Қастеев болды. Сондай-ақ, іс-шараға белгілі суретші Бейбіт Әсемқұл қатысты.

Соңғы ашық пленэр барысында біз Каспий теңізінің тартылуы мен итбалықтардың өлімі мәселесін қоса алғанда, экология мәселелерін талқыладық. Жазда Маңғыстау өңірінде мәдениеттің әртүрлі салаларын қамтитын симпозиумдар мен іс-шаралар өткенін атап өткен жөн. Біз қазақстандық қылқалам шеберлерінің шығармашылығына ерекше көңіл бөлгені үшін әкімдікке шын жүректен алғысымызды білдіреміз, - деді Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Бейбіт Әсемқұл.

Қорытындылай келе, ашық пленэр Қазақстанның әр түкпірінен келген суретшілерді біріктіріп, аймақтың мәдени мұрасын байыта алды. Қатысушылар ұйымдастырушыларға өз өнерін көрсету мүмкіндігіне ие болғаны үшін алғыстарын білдірді, ал облыс әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев мұндай іс-шаралар болашақта да жалғасатынына сендірді, өйткені бұндай шаралар өңірде өнерді насихаттауға және дамытуға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу