Ақтауда тегін балмұздақ таратқан кәсіпкер жауапкершілікке тартылады

246

Кәсіпкер аталған шараны жергілікті атқарушы органға алдын ала хабарламаған.

Ақтауда тегін балмұздақ таратқан кәсіпкер жауапкершілікке тартылады Фото: Бейнежазбадан

Оқиға кеше, 1 маусым балалар мерекесіне орай ұйымдастырылған. 29-шағын ауданда орналасқан "Abu Baby" балалар киім дүкенінің иесі азық-түлік пен сыйлықтарды тегін таратқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соған байланысты тұрғындар көп жиналып, бір-бірін қысып, тапталып қала жаздаған. Балалар адасып, қоғамдық тәртіп бұзылған.

"Сондықтан дүкен иесіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-1 бабына сәйкес (қоғамдық іс-шараны хабарламай не келісім алмай өткізу) 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады", – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, азаматтардың жаппай қатысуымен өткізілетін кез келген іс-шаралар, соның ішінде қайырымдылық акциялары, азық-түлік пен сыйлықтарды тарату сынды іс-шаралар қоғамдық орындарда өткізілетін жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, тиісті елді мекеннің әкімдігімен міндетті түрде алдын ала келісілуі қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу