Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан тұрғындардың бір-бірін таптап кете жаздағанын көру қиын емес, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Акция Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылында жоспарланған. Донер мен сушидің тегін таратылатынын кәсіпкердің өзі хабарлапты.
Оқиға орнына облыстық полиция департаментінің мамандары келіп, дәмхана иесімен профилактикалық әңгіме жүргізген.
– Қызылтөбе ауылында тұрғындардың көп жиналуына байланысты, құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін тегін тамақ таратылатын орынды өзгертіп, басқа ауылда өткізіп жібердік. Болашақта мұндай жағдайлар қайталанбайды. Кешірім сұраймын, – дейді кәсіпкер.
Айта кетейік, еліміздің қай қаласында болмасын өткізілген осындай акциялардың соңы шуға ұласып, соңында кәсіпкердің айыппұл арқалауымен аяқталып жатады.