Ақтауда су ағыны үш ер адамды ашық теңізге қарай әкетіп, олар жағаға өз бетінше жете алмай қалған, деп хабарлайды lada.kz-ке сілтемемен ҚазАқпарат.
4 тамыз күні үш ер адам пластмасс тақтамен теңізге шығып, өз беттерінше жағаға қайта алмай қалған. Оқиға жөнінде 17.45-те хабарлама келіп түскен.
"Бұл жағдай теңізде болған. Құтқарушылар 17:58-де оқиға орнына барып, олардың жағаға шығуына көмектесті", - деді жедел құтқару жасағының өкілі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу