Ақтаудағы тергеу изоляторында қаскөйлердің жоспарына жол берілмеді. Азық-түлікті беру кезінде тексеру бөлмесінде кәмпиттің ішіне жасырылған ақ түсті дәрілер табылды.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, тәркіленгені "Трамадол" психотроптық заты болып табылады. Жедел тергеу тобы шақырылды. Содан кейін тыйым салынған заттарды тәркілеп алу актісі жасалды", – деп түсіндірді тергеу изоляторы бастығының міндетін атқарушы Елдос Нұржаубай.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу