Ақтау қаласында мейрамханалардың бірінде өткен той қонақтар арасындағы жанжалмен аяқталып, арты жаппай төбелеске ұласқан, деп жазады inbusiness.kz сайты Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Кадрлардан 31Б шағынауданындағы мейрамхана маңына көптеген патрульдік көлік келгенін көруге болады.
Полицияға шақырту 21 қарашадан 22 қарашаға қараған түні түскен. Белгілі болғандай, полицияны шақыруға той үстіндегі төбелес себеп болған.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиғаға байланысты медициналық көмекке жүгінгендер болмаған. Жанжалға қатысқандар жедел анықталып, полиция басқармасына жеткізілген.
Қазіргі уақытта 6 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.