Ақтауда төрт облыстың әскерилері жиналды

439

"Батыс" өңірлік қолбасшылығы Ақтауда жауынгерлік даярлықты жетілдірудің, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайтудың, әскерилер қызметі мен күнделікті тіршілік әрекетінің мәселелерін жақсартудың негізгі бағыттары бойынша оқу-әдістемелік шара басталды.

Ақтауда төрт облыстың әскерилері жиналды Фото: Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының әскери бөлімдерінен тұратын өңірлік қолбасшылықтың басшылық құрамымен жиындар Ақтау теңіз жаяу әскерлері бригадасының базасында өтеді.

"Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспановтың басшылығымен өтетін жиындарды өткізудің басты міндеті - жеке құрамды оқытудың және жауынгерлік даярлықты ұйымдастырудың бірыңғай әдістемесін дайындау.

Үш күн ішінде жиынға қатысушылар мен жауынгерлік даярлықтың барлық пәндері, қойма үй-жайларының барлық түрлерін ұстау ережелері, бөлімдерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жиынға қатысушылармен сауалнама және психологиялық тестілеу бойынша оқу-әдістемелік сабақтар өткізілетін болады.

"Жиындардың басты мақсаты – командалық құрамның жауынгерлік даярлық іс–шараларын ұйымдастыру мен өткізудегі әдістемелік дағдыларын жетілдіру, әскерлер қызметінің мәселелерін жақсарту және өңірлік қолбасшылықтың 2023 оқу жылындағы қызметін қорытындылау", - деп атап өтті "Батыс"өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов.

Айта кету керек, "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қысқы оқу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерінде үздік атанды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу