Ақтауда төртем туған келіншек перзентханадан шықты

1042

Сәбилерге Расул, Фанара, Айла және Нарин деген есім берілді.

Ақтауда төртем туған келіншек перзентханадан шықты

Ақтауда Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында төртем туған келіншек сәбилерімен бірге облыстық перинатальдық орталықтан үйіне шықты. Жас босанған ана Самира Гасанованың жасы – 25-те, алғаш рет жеңілденіп, бірден көпбалалы ана атанып отыр.

Төртем 15 желтоқсан күні дүниеге келген, алдыңғысы 1 келі 390 грамм, ең кішісі 1 келі 190 грамм салмақпен туған.

Белгілі болғандай, дәрігерлер жүктілік кезеңі ауыр болғандықтан, әйелді 30 аптада босандырып алған.

Содан бері салмақ қосып, күш жинағанша дәрігерлердің жіті қадағалауында болған сәбилер мен анасы ақ халаттылардың ұйғарымымен үйлеріне шықты. Төртемге Расул, Фанара, Айла және Нарин деген есімдер берілген. Бұлардың ішінде Расул – ер, қалған үшеуі – қыз бала. 

Облыстық перинаталдық орталығының дәрігер неанотологы Тойдық Жұмағамбетованың айтуынша, орталықты өткен жылы 8610 бала өміпге келген, оның ішінде 2 үшем мен 147 егіз бала бар. Маңғыстау облысында төртем бұған дейін осыдан отыз жыл бұрын туған екен.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу