Ақтауда тұрғын үйден өрт шығып, 150-дей адам қауіпсіз жерге көшірілді

436

Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтауда тұрғын үйден өрт шығып, 150-дей адам қауіпсіз жерге көшірілді Фото: canva.com

Өрт 10 қыркүйек сағат 01:59-да тұтанған.

"Өрт 45 шаршы метрді шарпыған. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. 13 адам құтқарылды, оның үшеуі бала. Ал баспалдақпен 120 адам эвакуацияланды, оның ішінде 25-і бала", - делінген хабарламада.

Өртке тарату қалқанындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу