Ақтауда 6 шағын ауданда 39 үйдің жетінші қабатында балконның қабырғасы опырылып түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ЛАДА-ға сілеме жасап.
Ақтау қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша, 3 қарашада жағдай бақылауға алынды. Қабырға жөнделді.
"Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңына сәйкес, осы үйдің күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын нысанды басқаратын компания жүргізуі тиіс. Осы тұрғын үй "ЖЭК- 6 Ақтау" ЖШС басқаруында. Серіктестік басшысы бұл мәселені шеше алмайтынын мәлімдеді", - деп хабарлады қала әкімдігінде.
Қала әкімдігінде жауапкершіліктен бас тартып отырған басшының жұмысы тұрғындардың кезектен тыс жиналысында қаралатыны аталып өтілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу