Ақтаудағы тұрғын үйлердің жертөлесінде улы өрмекшілер қаптаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, шаһардағы 13-шағынаудандағы тұрғын үйдің жертөлесінде қарақұрттар пайда болған.
"Қарақұрт әлемде улы өрмекшінің бірі екені белгілі. Олардың тұрғын үйде жүруі адам өмірі зиян болуы мүмкін. Қазір қарақұрттар жертөледе қалай пайда болғаны және олардың саны қанша екені белгісіз. Мамандар араласып, тексерсе екен дейміз", - дейді тұрғын.
Сондай-ақ, тұрғындар күн жылыса өрмекшілер үйге кіріп кете ме деп қауіптеніп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу