Ақтауда тұрғындарды 1 млрд теңгеге алдаған екі алаяқ сотталды

202

Алаяқтардың қылмыстық әрекеті салдарынан 39 адам зардап шекті. 

Ақтауда тұрғындарды 1 млрд теңгеге алдаған екі алаяқ сотталды Фото: canva.com

Ақтауда тұрғындарды 1 миллиард теңгеге алдаған 2 алаяқ сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар қала аумағынан қымбат жылжымайтын мүліктерді жалға алып, оны тәркіленген мүлік деп арзан бағада жарнамалаған. Неғұрлым сенімді болу үшін, сатып алушыларды сол пәтерлерге қоныстандырып, ақша алған.

Алайда, ешқандай құжат берілмей, пәтерлердің біреудің меншігі екені кейін белгілі болды. Алаяқтардың қылмыстық әрекеті салдарынан 39 адам зардап шекті. Оларға келтірген залал шамамен 1 миллиард теңгеге бағаланады.

Сот үкімімен алаяқтар 9 және 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу